"Еркекпін деп көкірек ұрмаңдар"...

332
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан өзіне тоқтаусыз теріс пікірлер жаудырған оқырманын масқара қылды. Өнер иесі оған жауап беріп, желіде оның парақшасын жариялап жіберді.

Ерке Есмахан қалың көпшілікке өзін ренжітуге жол бермейтінін дәлелдеді. Әнші ару Instagram парақшасында өзіне ерсі сөздер жазған оқырманын орнына қойып тастады. Ашуға булыққан әртіс бұдан былай көңіліне тигізіп сөйлейтін желі қолданушыларын масқаралап тұрмақшы. Ол өзіне жолданған әрбір теріс пиғылды хабарламаны жариялап, оның авторын күллі Қазақтанға көрсететінін айтты. "Кейде дайректімді ашып қалсам таңғалам. Мархабат әдемі отбасының отағасы, "нағыз еркек" екен. Ал маған хаттарын қараңыздаршы. Сөздері еркектікке жатады ма? A.Z-ге де тиісіп қояды. Қасиеті жоқ дейді. Оның әндерін, сөздерін сенің миың көтере алмайды. Тыңдама. Еркекпін деп көкірек ұрмаңдаршы. Осылай шеттен шыққандарды салып тұрамын. Кәдімгідей өкпелеймін. Ешкімді тәрбиелегім келмейді. Бар болғаны адам бір нәрсе жазар алдында ойланса екен", - деп жазды Ерке.