Ерболат Беделхан әйелімен ажырасып кеткен бе?

765
Ninety оne тобының продюсері ел арасында тараған екеуінің қарым-қатынасы тоқтады деген сөздің нүктесін қойды,- деп хабарлайды Opennews.kz  "Алматы" арнасының Paparazzi бағдарламасына сілтеме жасап. 
Ерболат ел арасында Асыл екеуі ажырасып кетті деген сыбыстар шыққанын айтты.Ол ақпараттың жалған екендігін айта өтті. 

"Мен Ninety one тобын құрып, Асыл жеке продюсерлікпен айналысып кеткен кезде өтірік қауесеттер тарап кетті.Кішкентай дүниені үлкен етіп жеткізеді.
22 жылдан астам әйеліммен бірге тұрып жатырмын. Осы уақыттың ішінде ең басты дүние әр кезеңде адамды жаңа қырынан тани бастайсың. Адам ешқашан бір орында тұрмайды. Бұл өсумен болады. Сол кезде шыдай білу керек, қолдау керек", – дейді Ерболат Беделхан.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.