Кәмшат Жолдыбаева танымал актермен бірге көзге түсті

603

Атышулы Кәмшат Жолдыбаева жігітімен қол ұстасып, серуендеп бара жатқан жерінен камера назарына ілікті. Көпшілік жігітті танымал актер Ғазірет Ержанов деп болжады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.


Фото: https://www.instagram.com/kamshat__zholdybayeva/?hl=ru

Тұрмыс құрмаған отандық шоу-бизнес өкілдерінің тізімінде апалы-сіңлілі Жолдыбаевалар бар. Әсіресе, қыздардың ашық-шашық образын көретін жұрт Кәмшат пен Алтынайға "тұрмысқа шығу" туралы кеңестерін жиі айтады. Алайда шоу-бизнестегі мансабын бірінші орынға қоятын бикештер ақ көйлек киюге асықпайды.

Есесіне желіде тараған соңғы видеоға қарап көпшілік тойдың ауылы алыс емес деген болжамға келді. Видеода Кәмшат бір жігітпен қол ұстасып барады. Көпшілік оны актер Ғазірет Ержановқа ұқсатты. 

Айта кетейік, Кәмшат пен Ғазірет отандық телехикаялардың бірінде ашық сахнаға түскен. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.