50 жасқа толған Саят Медеуовке өнердегі әріптестері көлік мінгізді

2 532

Әнші Саят Медеуов осыдан бірнеше апта бұрын 50 жасқа толып, жеке кешін өткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі


Концерттен соң мейрамханада өнердегі әріптестері мен жақындарының басын қосқан әншіге шоу-бизнес өкілдері көлік сыйлады.


"Негізі о баста "Кешіңді өткіз. Біз қол ұшын созамыз" деп қолқа салған Мейрамбек Бесбаев пен Сержан Молдасан досым болатын. Жігіттер сөзінде тұрып, бастан-аяқ ұйымдастырушылық жағын жайластырды. Негізі баяғыда бір туған күнімізде Мейрамбек "Бір-бірімізге сыйлық жасамай-ақ, сәнімен сыйласып жүрейікші" деген еді. Бірақ, мерейлі жас болған соң ба, Мейрамбектің бастамасымен дос-жарандарым жиылып, көлік мінгізуді жөн көріпті", - деді Саят Медеуов.

 

Сонымен қатар әнші өнердегі әріптестерінің бұл сыйына алғыс білдірді.

 "Жігіттерге алғысым шексіз. Негізі ешқандай сый-сияпатсыз сол кеште қол соғып отырып, әдемі өтуіне атсалысса да риза болар едім. Сөйтем, олар осындай тосынсый әзірлепті. Жалпы, кешімнің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан барлық жанға алғыс айтамын. "Жаяудың шаңы шықпас" дегендей, жалғыз-жарым өзім жүгірсем ештеңе тындыра алмас едім", - деді Саят Медеуов. 


Айта кетейік, осыған дейін Саят Медеуов алғаш рет көпшілікке жұбайын көрсеткен болатын.