Айжұлдыз Адайбекованың жігіті ерекше образымен таңғалдырды

2 557

Фото: instagram.com/saken_kagarov/Танымал қазақстандық мобилограф Сәкен Қағаров өрмекші адам костюмінде жаңбырдың астында ерекше контент түсірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"Сізге қазақстандық өрмекші адам образы ұнады ма?" деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында. 

"Өрмекші адам костюмінде жаңбырдың астында төңкеріліп тұрудың не екенін өзім түсініп, сезініп көрейін деп шештім. Достар, біздің жұмысымызды бағалаңыздар, әсіресе сахнаның артында қалған нәрселерді!", - деген Сәкен Қағаров сүйіктісі Айжұлдыз Адайбековмен түсірген ортақ жобасын жариялады. 


Оқырмандар "Түпнұсқасынан да асып түсті", "Бұл Айжұлдыздың идеясы сияқты" деп жазып жатыр. 


Айжұлдыз Адайбекованың өзі де "Ең үздік өрмекші адам, жаным сол" деп пікір қалдырған. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.