ЗАМАНАУИ ӘНДЕРДІҢ САПАСЫЗДЫҒЫ: ХАЙП ПА, АЙЫП ПА?
2 094
Отандық әншілердің шырқап жүрген әндерінің құндылығы жоғалып бара жатыр,- деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Қазіргі таңдағы заманауи әндердің тәрбиелік мәні жоғалып барады. Әншілер үшін тыңдарман қауымға ұсынатын өлеңдердің мән-мағынасынан танымалдылығы маңызды болғандай. Әрине, талғамға талас жоқ. Жаңашылдықты жақсы көретін жастар үшін, музыка әлемі жан тыныштандырады. Десек те, бұрынғы кезеңдегі Шәмші ағаларымыздың өлеңдері қандай керемет еді, шіркін! Құлақтың құрышын қандыра, сүйсіне, ұғына тыңдайтын ән сүйер қауымның жүрегін сазды ырғағымен-ақ баурап алған еді. Ол кездегі әрбір өлеңнің мән-мағынасы тереңде болатын. Өлең жолындағы әрбір сөз ұйқасы мен мәнділігі өте жоғары болған. Ал қазіргі таңда шырқалған әндер керісінше, мән-мағына мен ұйқастан гөрі, ырғағына көп мән берілген. Абай атамыз айтқандай «Әннің де естісі бар, есері бар» демекші, әншінің тыңдарман қауымның жүрегіне жеткізе алатындай әндер де болады. Алайда қазіргі әндер, бұрынғы әннен өзгерек. Олай дейтініміз, заман ағымы деп ілескен бүгінгі жастарымыздың эстрада төрінде шырқап жүрген әндері бүгінгі қаламымызға түрткі болып отыр.
Қазіргі қазақ тіліндегі әнде тақырыптар да қайталамалар арқылы тарту болыр отыр. Мысалға «Опмай-опмай», «Биле-биле», «Зың-зың», «Пия-пия» сынды әндерді жатқызуға болады.
«Опмай-опмай, опмай-опмай,
Мыналарың қайтеді?
Ал біреулер Астанада жоқ дейді
Ал біреулер Алматыда бар дейді
Шымкенттің қыздары «зың» дейді
Ақтөбенің қыздары «дың» дейді» - осы жолдардан тек ұйқас қуудағы мазмұн мен көшірме әсерін көре аламыз. Ал, мағына ше? Хайп қуамыз деп ел алдында айып жинап алмасына кім кепіл? Бұл тек өлең жолдардағы ұйқас қуу мазмұны болса, кей әндерімізде өскелең ұрпақтың санасын улайтын сөздердің де бар екендігін ескере кеткен жөн болар. Осы орайда, жас әншілер қатарын 10 миллионға жуық тыңдарманымен толықтырған Қанайдың «Ол қыз» атты әнінің бір шумағы, төмендегідей мәтінмен шырқалып жүр:
Әкесі білсе, оның құлағынан бұрайды,
Шешесі біліп қалып, "қаншық" деп сабалайды.
"Кетемін үйден, сендер түсінбейсіңдер мені!"
Деп өзінікін қуып, шәйіп ол айқалайды ,- деп бейнебаян түсіріп бүгінгі жасөспірімдердің санасына біте қайнасып отыр. Жас әншінің шырқап отырған әнінің сөзіне мән беріп, қарасақ басқа сөзден бұрын “қаншық” деген сөздің мағынасы жабайы аңдардың ұрғашы түрін атаса, құлаққа ерсі естілетіндігі тағы бар. Жалпы диалектегі қолданыстағы анайы сөздердің әнге арқау болып шырқалуы қаншалықты дұрыс? Осы орайда, ел ішіндегі тәрбиелік мәні жоқ әндерге шектеу қойған дұрыс па? Саны көп, сапасы жоқ әндердің қатары көбеймесе азаймасы анық. Түптеп келгенде бұндай әндердің жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтардай қаптап кеткенін, қайтерсіз? Киелі сахнаның киесін кетіріп алмаймыз ба? Өнерде алар орны ерекше топтар мен жеке тұлғалардың да халық іздеп, тамсана сол кісілерге қарап бой түзейтін өскелең ұрпақтың бар екендігін де ескерген жөн. Жуырда жарыққа шыққан байырғы «NINTY ONE» тобының мүшесі Азамат Зенкаевтың «ТУ» деген әнінде «Елдің еркесі» болған Ерке Есмахан да бейнебаянда басты кейіпкердің бірі болып отырғандығын байқайсыз. Әннің мәтіні:
Бұл сынған еді емес, бақылап тілін
Дәмді етіп беретін қышқыл әнді
Ұнатпаймын артынан қышынғанды
Жақсыны айтып, құлағымның құрышын қандыр
Адам саны сонша аздай бала ту-ту-ту
Адам саны жетпей жатыр бала ту-ту-ту
Олар кейін өскесін біз сияқты ту-ту-ту
Оның болашағына көз тимесін десең тфу-тфу
Алтынның асыл сынығы болған жастардың шырқаған қайырымды қайырмасынан не мағына, не ұғым? Жастар арасындағы жаргон, диалект сөздердің басын біріктіре отырып, жәй ғана жеңіл әзілге құрылған осындай әндер де тыңдарманның назарын өзіне аударып, танымал болып жүр. Шындығында бұл өлеңде тек әуен ырғағы ғана көңілге қонымды болса, ал өлеңдегі әр тармағындағы сөздердің мән мағынасыз екендігін аңғарасыз. Ерке қыздың сан түрлі сапалы әндерінің жүйесін біліп тұрып, санамызға осы бір ән сіңе алмағандығы да ақиқат.
Ендігі бір әнді тіпті шырқамақ түгел, тілге тиек етуге ыңғайсыз екен. Күлеміз ба, жылаймыз ба? Адам қайда барады? Яғни, Аргония мен Бейбіт Қорғанның бірге айтқан туындысы «Кірмей қалама деп қорқамын» деген өлеңінен алынған үзінді:
Кірмей қала ма деп қорқамын
Кірмей қала ма деп қорқам, ааааа
Кірмей қала ма деп қорқамын
Кірмей қала ма деп қорқам, ааааа
Кірмей қала ма деп қорқам, эээээ
Кірмей қала ма деп қорқамын
Кірмей қала ма деп қорқам
Өлең құрылысына мән берсек, бұл жерде тек әрбір сөздің мағынасынан, қайталама түрінде берілген. Бұл, әнде өз аудиториясын тапты. Десек те, тек жастардың тыңдайтын өлеңі. Алайда жастарымыздың осындай өлең тыңдап өсіп жатқандығы көңілді қынжылтады. Қазіргі әншілердің тәрбиелік мәні бар өлең жаздыртқаннан, осылай жастар арасында кең танылып, әйтеуір естір құлақ болса болды деген ойда болғандығы өкінішті әрине. Келесі бір ән жастардың сүйіп тыңдайтын, әрбір туындысын асыға күтетін жас әнші Раймның «Сүю» деген өлеңін ұғына тыңдасақ:
Сіңгенбіз бүкіл денемен бір-бірмізге
Мендегі сендегіге тіке толықтай ене
Осы жерден әкетті толқын біздер кеме
Себепші болдым дем шыққан үніңе мен
Ашық терезе, екі саусақ, түтін көкке
Бізге керегі тағы бар өкпеден бөлек
Мән бермей барамыз ба дауысқа екеуміз де
Мән бермей барамыз кеш пе, әлде ерте бізге ,- дейді.
Осы жердегі сөздердің өзі жастардың санасына кері әсерін тигізетінін байқауға болады. Жас ұрпақтың осындай өлеңдерді көп тыңдап, санасының жаман ойлармен, анайы сөздермен уланып жатқандығы өкінішті. Әншілердің тек өз қара бастарын ойлап танымалдылықты басты назарда ұстайтындығы қате ұғым.
Бұл өлеңдердің сапасыздығын көрсетсе, жақын арада әлеуметтік желіде жария болған, адам көруге ұялатын қазақтың қызы Айжан Байзақованың видеосы жарияланған болатын. Ар жағында әнші өз өлеңін айтып шырылдап жаста, мына жақтағы бидің түбін түсіріп жатырмын деп ойлап жатқан Байзақованың бұл іс-әрекеті жаға ұстатарлық. Қазақ қыздарының осылай ашық алаңда әурет жерін көрсетіп билегені өте ұят нәрсе. Бұрынғы ата-бабаларымыздың кезіндегі қазақ қыздары кимешек киіп, тіпті білезік тағатын әдемі білектерін әурет деп санап, барынша тұмшалап, әуретін жасырған аналарымыздың берген үлгісі қайда қалды?
Қазақи тәрбие мен тәлімнің көне шежіреге айналмай қоғамның жаңа дүниеге есік болса екен дейміз. Қазақылық менталитетімізге жат қылықты жариялаудың қажеті қанша? Батыс пен Шығысқа еліктей берсек, қазақылығымыздан не қалады?
Ел танытамын десеңіз, Парижге барып ана тілімізде «Балқадишаны» шырқаған Әміренің әні қандай керемет еді? «Атың шықпаса жер өрте» деген бүгінгінің әндеріне назар бөлініп, тіліміздің бұрмалануы мен тәрбиелік мағынасына зейін бөлінсе екен дейміз. Қазақ әндерінің осындай төмен деңгейге түсіп кеткендігі көңілді қынжылтады. Әр әннің мәтінін тарихи тұрғыда зерттеп, әр дәуірдің өзіне тән сөзі мен сөз саптауын анықтап және оны орнымен қолдану қажет. Әрбір қазақ әндерін текстологиялық тұрғыда қарап, әр тармақтағы сөзге мән беріп, зерттеп барып жазу керек секілді. Қазіргі шақта жүріп жатқан өнер саласындағы үдеріс пен үрдістердің келер ұрпаққа зиян екендігін, олардың санасы осындай өнерді көріп өскендігін қаламасақ дер кезінде шара қолданылса дейміз.
Бүгінгі ұрпақ, ертеңгі болашақ екендігін ұмытпаған абзал.
ТҰМАР ХАНЫМ