Димаш Құдайберген Токио джаз фестивалінде жапон тілінде ән шырқайды

406

Танымал отандық әнші Димаш Құдайберген Токио джаз фестивалінде жапон тілінде ән шырқайды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Жапондық джаздың мерейтойлық фестивалі 28 қарашада өтеді. 20 жылдық мерейтойын атап өту үшін көрермендер алдыңғы жылдары Токио джаз фестиваліне қатысқан талантты музыканттармен кездеседі. Шарада Димаш Құдайберген де сөз сөйлейді, деп хабарлайды DimashNews.

Танымал продюсер, әлемдегі ең ірі NHK телекомпанияларының бірінің өкілі Хироюки Яманака жапондық жанкүйерлері қазақстандық орындаушының сахнаға шығуын тағатсыздана күтетінін атап өтті.

"Димаштың былтырғы Токио джаз фестиваліне қатысуы бүкіл әлемде сенсацияға айналды. Сонымен қатар, оның біздің елде де танымалдығы орасан өсті. Көптеген жапондықтар Димаштың вокалдық шеберлігіне, сондай-ақ Қазақстанның музыкалық мәдениетінің жоғары деңгейіне тәнті болды. Димаш 24 мамырда өз туған күнінде өнер көрсетеді. Біз бұл тағдырдың сыйы деп ойлаймыз", - деді ол.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.