«Наркоздың күші тарап жатыр»: Гүлзира Айдарбекова отадан шықты

2 511

Фото:© видеодан скринПродюсер Гүлзира Айдарбекова отадан кейін әлеуметтік желіде жағдайын айтып, көпшілікке алғыс білдірді. Ол ота алдында қорқыныш болғанын жасырмай, бәрі сәтті өткенін жеткізді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Sn.kz сайтына сілтеме жасап.

«Иә, елдер түк емес дейді, біраз жылдап бұрын, бір абысыным наркоздан қайта оянбай еді, сонан кейін Алматыда тағы бір абысынымыздың өттегі тасын лазермен алғанда, қиығы қалып қойып іріңдеп өмірден өткен, содан кейін ғой қорқынышпен жүргенім. 99 пайызының отасы сәтті шыққанымен, бірі дұрыс болмай жатады. Аллаға сансыз шүкірлер, сәтті өтті! Әуелі Алланың қалауы, екінші сіздердің дұғаларыңыз міндетті түрде Алланың құлағына шалынды. Рақмет жандарым сол!» – деп жазды ол.

«Наркоздың күші жаймен тарап жатыр, көзім жұмылып, ұйқыға кетіп, бір оянып жатырмын. Кейінірек толықтырып жазамын, қазір әлсіздік. Бірақ өте сәтті болды. Врач айтқандай өтім қалды, тас алынды. Единственный осы врач өтті қалдырып ота жасайтын. Бәріңізді құшақтап, сүйдім!» – деді Гүлзира Айдарбекова.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.