"Қалай келді, солай кетеді": Алмас Кішкенбаев екінші рет үйлену туралы айтты

569
Танымал әнші Алмас Кішкенбаев жанкүйерлерінің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Желідегі сұрақ-жауап кезінде ол екінші рет шаңырақ көтеру туралы айтты, деп жазады "Ernur.kz".

Instagram желісінде оқырмандарымен ашық сөйлесуді ұйғарған өнер иесі екінші мәрте үйлену туралы сұраққа бүкпесіз жауап берді. Алайда ол болашақ жұбайына қоятын шарттары да жоқ еместігін жасырмады.

Әнші бірінші жұбайы Мөлдірмен ажырасып кеткені белгілі. Әйелімен ара-қатынасы дұрыс болмағанымен, әнші қос қызымен үнемі байланыста. Оқырмандардың бірі оған: "Екінші әйеліңіз балаларыңызбен араласуға қарсы болса ше?" деген сұрақ қойған.

Әнші бұндай қарым-қатынасқа үзілді-кесілді қарсы екенін жеткізді.

"Ондай әйелді қайтемін? Қалай келді, солай кетеді", - деп жазды ол.

Еске салсақ, биыл жазда әнші кішкентайынан "ана" деп атап кеткен әжесінен айырылып қалған болатын. Жеті баланы өсіріп, жеткізу үшін 70 жасына дейін жұмыс істеген қарт ана Алмастың әйелімен ажырасқанын естіген кезде, инсульт алып, сөйлемей қойған. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.