Қаржы пирамидасының салымшылары Мейіржан Төребаевты босатуды сұрады
258
Mudarabah Capital қаржы пирамидасы төңірегіндегі дау басылар емес. Қаржы пирамидасының салымшылары баспасөз мәслихатын өткізіп, блогер Мейіржан Төребаевты қамаудан босатуды сұрады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Айта кетейік, Мейіржан Төребаев пен тағы үш адам қамауға алынған еді. Кейінірек олардың 10 тәулікке тұтқындалғаны белгілі болды. Алматы қалалық соты танымал блогер мен вайнер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтың неге әдеттегідей тергеу мерзіміне берілетін екі айға емес, 10 тәулікке қамауға алынғанын түсіндірді.
Кеше, қаржы пирамидасының салымшылары күтпеген жерден Төребаевты қорғады. Сан соғып қалған олар бастарына түскен қиыншылыққа блогерлерді емес, Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасарын кінәлауда. Салымшылар істі Ішкі істер министрлігіне беруді сұрады. Өйткені, бір жылға жуық уақытқа созылған тергеу барысына көңілі толмайтындарын ашық білдірді.
Әлеуметтік желіде күмәнді компанияны жарнамалап, құрылтайшылар тізімінде тұрған блогер Мейіржан Төребаевты енді салымшылар қамаудан босатуды талап етіп отыр. Өткен аптада Ішкі істер министрлігі ғимаратының алдында өзін өртеген әйел де баспасөз конференциясында сөз сөйледі. Бағила Досмаилова қаржы пирамидасына 20 миллион теңге салған. Бұған дейін ол Төребаевты жауапқа тартуды талап еткен еді. Бірақ кеше ол басқаша айтты.
Бұл іске Төребаевтан бөлек тағы бірнеше блогер күдікті ретінде танылып отыр, олардың арасында Әзімжан Саидбаев пен Мейірхан Шерниязов та бар. Тергеушілердің айтуынша, олар да қаржылық пирамиданы басқарып, жарнамалаған.
Полицейлер іс аяқталу сатысында екенін айтты. Осыдан кейін ол сотқа жіберілмек. 160-тан астам адам зардап шегуші ретінде тіркелген. 14 күдікті, оның 10-ы қамауда, екеуі халықаралық іздеуде, тағы екеуінің бас бостандығы шектелген.
Ұсталғандардың арасында блогер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов бар.

"Біз тергеуші Умаровқа келгенде, оның кабинетінің еденінде арыздарымыз жатты. Кешеге дейін тиісті қаулы берілген жоқ. Біздің жәбірленуші екенімізді мойындамады. Біздің топта жәбірленуші туралы қаулы ала алмаған әлі 12 адамдай қалды. Ішкі істер министрінен қандай да бір объективті тергеу жүргізіп, істі бақылауына алу үшін көмек сұраймыз", - деді зардап шегуші Ілияс Баильдинов.
Әлеуметтік желіде күмәнді компанияны жарнамалап, құрылтайшылар тізімінде тұрған блогер Мейіржан Төребаевты енді салымшылар қамаудан босатуды талап етіп отыр. Өткен аптада Ішкі істер министрлігі ғимаратының алдында өзін өртеген әйел де баспасөз конференциясында сөз сөйледі. Бағила Досмаилова қаржы пирамидасына 20 миллион теңге салған. Бұған дейін ол Төребаевты жауапқа тартуды талап еткен еді. Бірақ кеше ол басқаша айтты.
"Абдрахманов ... Егер "погон" тақпаған адам болмаса, кімге сенуім керек? Ол маған, егер Мейіржан мен Мейірханды кінәлайтын болсаң, ақшаңды тез аласың, деді. Блогерлерді соның ішінде Мейіржанды еш кінәламаймыз. Біз бұл туралы жоғарыда айттық. Ондай кінә жоқ. Егер қандай да бір кінәсі бар болса, оны тергеу дәлелдейді. Тек жарнамада кінәсы бар шығар", - деді жәбірленуші.
Бұл іске Төребаевтан бөлек тағы бірнеше блогер күдікті ретінде танылып отыр, олардың арасында Әзімжан Саидбаев пен Мейірхан Шерниязов та бар. Тергеушілердің айтуынша, олар да қаржылық пирамиданы басқарып, жарнамалаған.
"Әзімжан, Мейірхан туралы білмеймін. Мейіржандікі анық. Біз өзіміз тергеу жүргіздік. Ол бұл жерге 2020 жылдың қараша айында келген, ал Mudarabah Capital пирамидасы туралы сигнал Алматы қалалық полиция департаментіне 2020 жылдың 27 қазанында түскен. Яғни бір ай. Алғашында тергеуші Умаров бізді блогерлерге апарды. Қаржы пирамидасының негізін қалаған қылмыстық іс бойынша басты айыпталушылар бостандықта жүргенін көріп отырмыз", – дейді жәбірленуші Ілияс Баильдинов.