Қырғызстан Димаш Құдайбергенге халық әртісі атағын берді
ҚР Халық әртісі Димаш Құдайберген су жаңа марапатқа ие болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жақсы жаңалықты әншінің ата-анасы жеке парақшасында жариялады.
Рахмет, Қырғыз елі! Екі елдің достығы мәңгі болғай!”, – деп жазды Қанат Айтбаев.
Айта кетейік, Димаш IV Халықаралық "Мейкин Азия" музыкалық фестиваліне қатысу үшін Чолпон-Ата қаласына барған еді.
Биылғы сапардың ерекшелігі, Димаш өзінің өнер көрсетуі үшін гонорардан толықтай бас тартқан.
Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрінің орынбасары Тимурлан Ажымалиевтің айтуынша, әнші бұл фестивальде ақысыз өнер көрсетеді.







