“Қара пантера” трендін түсірген Шахизада елдің сөзіне қалды

710
Әнші Шахизада әлеуметтік желіде хит болған “Қара пантера” трендін түсіріп, сөздің астында қалды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Өзін пантераға теңеген әнші актерлік шеберлігін сынап көргісі келетінін айтты.

Мен – Шахизада қазақтың қызымын! Бойымда талантым, әншілік өнерім бар. Құдайдан берген талант иесімін. Әнші болған соң жан-жақты болуың керек!  Актерлік шеберлігімді байқап көрейін деп, осы бір дүниені жасадық. Жануарлардың өзіне тән мінезі болады. Қарап отырсам, пантераның мінезіне менің мінезім келетін сияқты. Пантерамен ұқсастық көре алдыңыздар ма? Жалпы, менен актриса шығады ма екен? Кинодан көрсеңіздер, таңғалмаңыздар”, – деп өнер иесі Instagram-дағы парақшасына жазба қалдырды.


Алайда көпшілік оның бұл әрекетін “жасыңа сай емес” деп сынап тастады.

“Жасыңа жарасатын тірлік жаса, ұят-ай”, “Жасыңа сай емес”, “Апа боласыз ғой”, “Жасыңыз нешеде?”, “Ыңғайсыз емес пе?”, “Үлкен әйел ғой, мынаусы несі?” – деп пікір қалдырды желі қолданушылары.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.