"Асырай алмасаң тума!" Атышулы блогер көпбалалы аналарға тіл тигізді

510

Ақтаулық блогер Салтанат Аманқосова әлеуметтік желіні тағы шулатты. Бұл жолы ол көпбалалы аналарға сын айтамын деп, өзі сынның астында қалды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Блогердің жазбасы көптің ашуын туғызып отыр.

Осы қатындарды түсінбеймін. Күйеуімен жатарын жатып алып, 5 баласын туып алып, менің 5 балам бар, маған көмектесіңдер, үй беріңдер дейді. Өйтетін болса жатпа, маған не дейсің?! Тума 5 балаңды. Қызықсыңдар!— деді блогер.

Ақтаулық қыздың бұл мәлімдемесі көптің ашуын туғызып отыр. Олар жазбаның астына "Сәбиге ешкімнің хақы жоқ сөйлеуге, мынаның жүйкесін емдету керек", "Дүниеге келген балаға олай айтатын бұл кім соншама?", "Тауық ми қарындасым ай, cенің әке-шешең жоқ па?", "Олай айтуға сенің хақың жоқ. Сенен ақша сурап жаткан ешкім жоқ. Сұраса үкіметтен сурайды. Алла берген періштелер", — деп түрлі пікір қалдырған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.