«Бөпесі қырқынан шықты»: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың құпиясы ашылды
Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Олжас Абай мен Дариға Бадықованың қайырымдылық қорына демеушілік жасап, бірнеше жылдан бері ата-ана болуды армандаған оралдық жұптың перзент сүюіне қолдау көрсеткенін айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
«Олжас пен Дариғаның бөпесінің қырқынан шыққанына бір ай толды. Кино әлемі бір бөлек, ал өмірде Олжас пен Дариға – біздің @mariyam_fund_kz қорының демеушілері.
Олар қолдау көрсеткен оралдық жұп бірнеше жыл бойы ата-ана болуды армандап, талай қиындықты бастан өткерген. Бірнеше сәтсіз ЭКО әрекетінен кейін, қорымыздың қолдауымен армандарына жетіп, бүгінде ата-ана атанып, бақытқа кенеліп отыр», – деді ол.
Қаз
Рус






