"Ерекше тұлға еді": Төреғалидің әйелі марқұм жездесін есіне алды
378
Төреғали Төреәлінің жары Толқын Тұрарбекқызы әлеуметтік желіде не себепті көрінбей кеткенін түсіндірді. Көпбалалы ананың отбасында қайғылы жағдай орын алған. Ол жездесінен айырылып қалғанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Толқын Тұрарбекқызы қаралы хабарды өзінің Instagram парақшасы арқылы жеткізді. Ол марқұм жездесіне жантебірентерлік жазба арнады.
"Өмір өлшеулі. Тағдыр талассыз. Аллаға сансыз шүкірлер болсын! Биыл әпкем мен жездемнің отау құрғандарына 10 жыл болады екен. 10 жыл бойы әпкеме бақыттың базарын сыйлап, қайын жұртына да қамқорлық танытып келген күйеу еді. Жанашырлықтың ұшқынын әрбір сөзімен білдіретін, шынайылықты жаны сүйетін ерекше тұлға еді. Жүрген жерінде жақсылықтың жаршысы боп жүрген екен.
Ол иманына берік, дініне кәміл адам болды. Жаратқан иемнің оның бойына беріп қойған асыл қасиеттері көп еді. Біз өзімізді бақытты болудың шарттарына нәпсіміздің қалауын қосып жатамыз да, шынайы бақытымызды жоғалтқасын сезінетін пенде екенбіз. Шын алтынның қадірін білдік пе екен?! Аз ғана ғұмырын - ғибратқа толтырып кеткен жездем. Алла алдыңыздан жарылқасын! Оқырмандарым, біраз уақыт инстаграм желісіне осы себептен шыға алмай жүрдім, 3 күннен артық қайғыруға болмайды дейді, десе де туған әпкеңнің жалғыз қалғаны жаныңа батпай қоймайды екен", - деп ағынан жарылды ол.
Желі қолданушылары Төреғалидің жарына көңіл айтып, оны барынша жұбатуға тырысты.