"Нұрсұлтан Назарбаевқа сенгеніме өкінем": Нұрлан Өнербаев
2 550
Танымал әнші Нұрлан Өнербаев бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кештерін жүргізгенін айтты. Өнер иесі "Білген дұрыс" бағдарламасында Назарбаевқа қатысты қазіргі көзқарасын білдірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
"Мен ол кісінің кештерінде өнерпаз ретінде болдым. Өнерімді бағалады. Ол кезде мемлекеттік шараларды жүргізу, президенттер қатысатын кештердің бәріне көбіне мен қатысып жүрдім. Мені шақыратын. Тіпті концертпен алыста жүрсем де, тауып алып, шақыртатын. Туған күндерін, мерейтойларын жүргіздім. Бас тартпаймын. Жанында жүрдім", - деді өнер иесі.
Сонымен қатар Өнербаев бүгінгі таңда бұрынғы президентке деген көзқарасының өзгергенін айтты.
"Әрине, менің де көзқарасым бар. Менің де көңілім толмайтын тұстар бар. Отбасына қатысты жұрт айтып жүрген әңгіменің жүз пайызы болмаса да, 80-90 пайызы рас екеніне менің де көзім жетеді. Сол ортада жүргенде, кеш басқарып жүргенде менің көңілім адал болды. Сол кісілердің, сол ортаның ел мүддесі үшін жұмыс істеп жүргеніне сендім. Өйткені, менде басқа мәліметі болған жоқ. Бәрі қазір ашылып жатыр ғой. Сондықтан сол кезде сол ортада алданып жүргеніме өкінемін. Жамандағым келмейді. Соншалықты сендім. Жанында жүрдім. Барлық шараларына қатыстым. Тіпті көп шарасына қатыстым", - деді жан сырын ақтарған Нұрлан Өнербаев.