Вирус жоқ деп елге ақыл айтып жүргендер елдегі ахуалмен таныссын

433
Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы коронавирусқа сенбей, халыққа ақыл айтып жүрген танымал тұлғаларды сынап тастады. Инфекцияның таралуына аса қатты алаңдаулы ақпарат өкілі оларға елдегі ахуалмен жақынырақ танысуға кеңес берді.

Ләйлә Сұлтанқызы азулы жазбасын Instagram парақшасында жариялаған. Онда ол індетке немқұрайлы қарап жүргендерге үндеу жасап, көпшілікті барынша сақтық шараларын сақтауға шақырды.

Сонымен бірге, тележүргізуші соңғы кезде таныстарының арасында ауырып жатқандар көбейіп кеткенін айтты.
 "Вакцина туралы бірдеңе деуге болмайды,әркімнің өз еркі, қалауы (әзірге), бірақ әлі күнге дейін "вирус жоқ" деп елге ақыл айтып жүрген танымал "тұлғалар" 1 тәулік ішіндегі елдегі ахуалмен жақынырақ таныссыншы. Дәл қазір менің таныстарымның ішінде ауырып жатқандар өте көп, өз отбасымызда да бар. Жағдай сіз ойлағаннан қайда ауыр, ресми, тексерілген ақпаратқа сенген дұрыс деп есептеймін. Маска, арақашықтық, антисептик" , - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.