Вирус жоқ деп елге ақыл айтып жүргендер елдегі ахуалмен таныссын

453

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Іnstagram.com/ЛәйләОтандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы коронавирусқа сенбей, халыққа ақыл айтып жүрген танымал тұлғаларды сынап тастады. Инфекцияның таралуына аса қатты алаңдаулы ақпарат өкілі оларға елдегі ахуалмен жақынырақ танысуға кеңес берді.

Ләйлә Сұлтанқызы азулы жазбасын Instagram парақшасында жариялаған. Онда ол індетке немқұрайлы қарап жүргендерге үндеу жасап, көпшілікті барынша сақтық шараларын сақтауға шақырды.

Сонымен бірге, тележүргізуші соңғы кезде таныстарының арасында ауырып жатқандар көбейіп кеткенін айтты.
 "Вакцина туралы бірдеңе деуге болмайды,әркімнің өз еркі, қалауы (әзірге), бірақ әлі күнге дейін "вирус жоқ" деп елге ақыл айтып жүрген танымал "тұлғалар" 1 тәулік ішіндегі елдегі ахуалмен жақынырақ таныссыншы. Дәл қазір менің таныстарымның ішінде ауырып жатқандар өте көп, өз отбасымызда да бар. Жағдай сіз ойлағаннан қайда ауыр, ресми, тексерілген ақпаратқа сенген дұрыс деп есептеймін. Маска, арақашықтық, антисептик" , - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.