Францияда шпагатқа отырған Баян Мақсатқызы елді таңғалдырды

626

47 жастағы Баян Алагөзова тағы да шпагатқа отырып, елді таңғалдырды, деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.


Танымал продюсер 6 жыл отасқан күйеуімен Еуропада саяхаттап жүр. Алдымен Италияның Милан қаласына сапарлаған Мақсатқызы артынан Монакода болып қайтты. Ал қазіргі уақытта Францияның Ницца қаласында демалуда.

Алагөзова Жерорта теңізі жағалауында шпагатқа отырған фотосын жариялады.


"Тәніңнің иілгіштігін жоғалтапайынша, ақылыңның орамдылығы да сенімен болады. Кім айтқанын білмеймін, бірақ керемет ой", - деп жазба қалдырды ол.


Көпшілік жасы 50-ге тақаған продюсердің дене иілгіштігіне таңғалды.


"Қазақстандық Волочкова", "Менің жасым 27-де. Бірақ менің денем, фигурам мен икемділігім мұндай емес", "Өте сұлу қыз", "Керемет сұлулық", - деп пікір білдірді желі қолданушылары.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.