"Бұл еліміздегі ащы шындық екен": Қанат Әлжаппаров

2 509

Фото: ашық дерек көзіТұңғыш немерені ата-әжесінің бауырына басу дәстүрі әлі де бар. Нәтижесінде үлкендер меншіктеген бала әке-шешесіне еркелей алмай, ал ата-анасы баласын еміреніп иіскей алмай жүреді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


 Мәселенің қаншалықты ауқымды екенін жақында жарық көрген "Аппақ келін" фильміндегі бір кадр анық көрсеткен. Осы сахнаны сомдап, дүйім жұртты жылатқан әзілкеш Қанат Әлжаппаров KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат берді.

Mен бірінші рет драмалық сахна ойнадым. Мен өмірде де мұңайып, ашуланып, ренжіп жүретін адам емеспін. Сол себепті маған қиын болды. Тек әзілдеп, күлдіріп жүретін адамға халықты жылату оңай емес. Енді қолымнан келгенін жасадым. Халық бағасын берер. Беріп те жатыр. Әлеуметтік желідегі реакцияларын көріп жатырмын. Әсіресе анасымен болған сахна. Бұл еліміздегі ащы шындық екен ғой. Әлі күнге дейін анасын "мама" деп атай алмайтындар қаншама?!  Анаммен болған сахнаны көргендер "күлдіріп отырып жылаттың" деп оң бағасын беріп жатыр. Сол себепті жаман ойнамаған сияқтымын. Бірақ өзім ұяламын.  Ал өз балаларыңызды "ата-әженің баласы" деген салтпен үлкендердің бауырына бердіңіз бе? ⁠- Негізі менің балаларым да ата-әжесінің қолында тұрады. Мен Қызылорда қаласында, ата-әжесі Қарақұм ауылында тұрады. Бір апта бізде, бір апта оларда тұрады. Біз балаларды бөліп-жармаймыз. Оларға барғанда ата-әжесінің, бізге келгенде әке-шешесінің баласы ғой. Бұл тақырып маған таңсық емес. Әлі күнге дейін анасын еміреніп "мама" деп айта алмай жүрген жақын достарым бар. Осы сценарийді оқу барысында есіме түсті. Менің жақында бір досым анасына "мама" деп айтқан. Ол өз сезімін білдіргенде "аяқ-қолым дірілдеп кетті" деген. Мен рөлімді ойнағанда соны есіме түсірдім...