"Дикий" Арман қызды болды

424

Ел  арасында "Дикий Арман" лақап атпен танымал болып кеткен Арман Жұмағалиевтің тұңғыш қызы дүниеге келді, деп хабарлайды "Opennews.kz"ақпарат агенттігі. 

"Әлхамдулиллях, Алланың қалауымен алғаш рет әке атандым. Мәриям-Медина есімді қызым дүниеге келді. Жылы тілектеріңіз үшін баршаңызға алғыс білдіргім келеді. 
Ол Қазақ еліне лайықты қыз болады деп үміттенемін. Қазақ елім аман болсын. Аллахым елімізге күш-қуат, берекет, тыныштық берсін, амин", - деп сүйінші хабарын қуанышпен жеткізді Арман.

Құттаудың келесі легін, алғашқылардың бірі болып Айнұр Тұрсынбаева құттықтады. 
"Шымкентке жиналып жанталасып жатсам, сүйінші хабар келді. 
Ал Ареке тұңғышыңның бауы берік болсын. Мәриям қызымыз Хадишадай ардақты, Асиядай ардақты, Айшадай ақылды болып өссін!
Қуаныштан толқып тұрмын. Қызыңыз майкөтен болып келіп, артынан өзіңіз сияқты батыр ұлдар ерсін", – деп жазба жариялады ол жеке парақшасында. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.