«Ешкім күтпеген дуэт»: Мақпал Жүнісова мен Тұрар Ыдырыс бірге ән айтты
Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова мен 2Rar лақап атымен танымал әнші Тұрар Ыдырыс сахнада бірге өнер көрсетіп, тыңдармандарын ерекше дуэтпен таңғалдырды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иелерінің бірлескен қызған биі мен әні түсірілген видеоны әлеуметтік желіге әнші Нұрлыбек Нағметов жүктеді.
«Меніңше, бұл тыңдармандар үшін күтпеген дуэт болды», – деп жазды ол.
«Хит болайын деп тұр»: Желі қолданушыларының реакциясы
Тұрар Ыдырыс та өз кезегінде аңыз әншімен түскен видеосын парақшасына орналастырып, аға буын өкіліне деген құрметін білдірді:
«Аңыз адам. Сiздi жақсы көремін, Мақпал Жүнісова!» – деп жазды жас әнші.
Желі қолданушылары Мақпал Жүнісованың сахнадағы тоқтаусыз энергиясы мен биіне тәнті болды:
«Күтпеген коллаборация болды!» «X буыны мен Z буынының тоғысуы! Өте керемет үйлесім, браво!» «Қандай ғажап дуэт, энергиясы сұмдық!» «Жасы 60-тан асса да, билеуі қандай керемет, нағыз хит болайын деп тұр!» – деп жазды оқырмандар.
Ерекше дуэт желіде тез тарап, өнерсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленіп жатыр
Қаз
Рус






