Сахнаға шығып, Ернар Айдардың суын тартып алған бүлдіршін елді күлдірді

2 572

©instagram.com/ernaraidar_kzҚазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ернар Айдардың концерті кезінде қызықты оқиға орын алды. Әнші өнер көрсетіп жатқан кезде сахнаға кішкентай тыңдарманы шығып, оның ішіп тұрған суын тартып алған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ернар Айдар концерті кезінде болған қызықты оқиғаның видеосын Instagram парақшасында жариялады. 

Бейнежазбадан әншінің сахнада балалармен бірге өнер көрсетіп жатқанын көруге болады. Бір сәтте бүлдіршіндердің бірі әртістің артында су ішіп жатқанын көріп, оның бөтелкесін тартып алады. 

Ернар Айдардың суын ішіп алған кішкентай қыз концертке жиналған қауымның көңілін одан бетер көтерді. Әртістің өнерін тамашалуға келген көпшілік бүлдіршіннің әрекетінен кейін қатты күліп, оған қол шапалақтаған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.