Салтанат Бақаева екі айлық ұлын тастап, гәстрөлге аттанды
345
Салтанат Бақаева декреттік демалыста ұзақ уақыт отыра алмағанын айтады. Әнші ұлын қырқынан шығарған соң, жер-жерді аралап, концерттерге қатыса бастаған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Бақаеваның өзі әңгімеледі.Ол Наурыз мерекесі қарсаңында Шымкентке, одан кейін Сарыағашқа жол тартқан. Екі айға енді толатын кенже ұлы Арсенді әжесімен бірге қалдырған.
"Сәбиім пойызда суықтап қалды. Кішкентай ғой, оған қиын. Білемін, қазір көпшілігі маған ұрса бастайды. Кішкентай баламен үйде отыр, дейді. Сіздердікі дұрыс. Бірақ мен үйде отырудан шаршап кеттім, жұмыс істегім келеді.
Әдетте басқалар жұмыссыз жүргендеріне риза болса, мен жұмыс істегім келеді. Күйеуімнің жолы болған.
Ал егер шынына келсек, мен өз ісімнің фанатымын. Әрі ақша ешқашан артық болмайды. Енді портта отырып, дұрыс істедім ба әлде баланы өзіммен бірге алуым керек пе еді деп ойланып отырмын",- деп бөлісті Бақаева желідегі парақшасында.

Оқырмандардың бір тобы балаға қарайласатын адам болса, жұмыс істеген дұрыс екенін айтса, ендігі топ кішкентай балаға анасының мейірімі мен сүті ауадай қажет екенін айтып, актрисаны сынға алған.