"Тілеулес болыңыздаршы": Жұлдызай Дүйсенбиева денсаулығына байланысты әлеуметтік желіден кетті

2 653

Фото: Ашық дерек көзіТанымал актриса, әнші Жұлдызай Дүйсенбиева әлеуметтік желіден кеткенін айтты,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Өнер иесі парақшасын қайын інісіне тапсырған. 


“Ал сіздермен қоштасатын уақыт жетті. Сені сағынсаңыздар, теледидардан үзбей қарап отырсаңыздар болады. Парақшаны қайын ініме тапсырдым. Мені қуанышыңызда көргіңіз келсе, қайын ініме хабарласыңыздар. Айына екі-ақ қуанышты бөлісуге дайынмын. Бәріңізді жақсы көремін. Мен де өздеріңізді сағынатын боламын", – деп жазды актриса. 

Бір күн өтпей жатып, актриса парақшасына ауруханадан сурет жүктеп, денсаулығының сыр бергенін айтты. 


“Денсаулығыма байланысты уақытша деп ойлаймын. Парақшаға қайта оралармын. Маған сіздердің бата, қолдауыңыз керек. Тілеулес болыңыздаршы! Жағдайымды парақшамнан біліп тұрсаңыздар болады “, – деп жазды өнер иесі. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.