Әйгілі Akon Нұрлан Сабуров түскен бағдарламаны желіде бөлісті

2 519

Скриншот: instagram.com/akonБүгін Алматы қаласында жеке концертін беретін әлемдік жұлдыз Akon өзінің Instagram парақшасында қазақстандық жанкүйерлері жариялап жатқан жазбаларды бөлісуде. Олардың арасында танымал әзілкеш Нұрлан Сабуровтың да видеосы бар, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Akon өзімен кездесуді асыға күтіп жатқан қазақстандық тыңдармандарын қуантып қойды. Өнер иесі отандастарымыз жариялап жатқан жазбаларды өз парақшасына репост жасаған. 

 

Әлемге әйгілі жұлдыздың InstaStories-де қазақстандық танымал әзілкеш Нұрлан Сабуровтың да видеосы жариялаған. Бейнежазбада отандасымыздың сұхбат беріп жатқанын көруге болады. Жүргізуші оған сұрақ қою барасында Akon-ның өлеңін айтып берген. 

Akon-ның Алматыға ұшып келіп,оны қазақстандық жұлдыздар мен жанкүйерлері құшақ жая, ерекше құрметпен қарсы алған болатын. Әлемдік жұлдыз 15 желтоқсанда Алматы қаласында, 18 желтоқсанда Астанада жеке концертін бермек.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.