Күлдіремін деп көпке күлкі болған Қайрат Әділгерей шалқасынан құлады (видео)

787
Той үстінде сахнаның түбін түсіріп, асабалығынан бұрын әзілкеш болып танылған Қайрат Әділгерей той жүргізу кезінде көпшіліктің алдында ұятқа қалды,-деп хабарлайды Opennews.kz
ақпарат агенттігі.

Жас жұбайлардың үйлену тойын жүргізген Қайрат Әділгерей өзінің жерге төселген ақ матадан секіремін деп, оңбай құлаған сәтін  Іnstagram-дағы парақшасында жариялады. "Менің тойда құлаған видеомды қатты талқылап, зерттеп жатыр" деп жазды ол.



"Нағима апа, былай тұрыңыз, мен қазір секіремін. Ойбаай!" деген ол шалқасынан түседі. Десе  де, әзілкеш Қайрат шалқасынан түссе де, қымсынбай өзінің ерекше құлағандығын айтып жұртты  күлкіге қарқ қылды. Тойды әрі қарай өз дәрежесінде жалғастыра кеткен асаба жиылған қонақтарға:

«Той несімен есте қалды дегенде, тамада шалқасынан құлаған дейсіздер ғой. Өмірімде бұлай құлап көрмеппін. Өскеменде жүріп даладағы көк мұзда құласаң бір сәрі ғой. Тойханада, жып-жылы жерде құлаған күшті екен»,дейді әрекет зілге айналдырған Қайрат Әділгерей.

Бұл бейнежазбаға желі қолданушылары да күле отырып, пікір жазған.

Сахналық достары: "Беліңді ауыртып алмасаң болғаны". "Ештеңе етпейді, Киркоров та сахнада жалп еткен". "Неге секірдіңіз, айналып өте салуға болмады ма?" "Әдемі құлау да — өнер". "Ойбай деген жерінде ішегімді тия алмай күлдім ғой",—деп жазуда желі қолданушылары.

Тіпті, әзілкеш-асабаның әрекетіне жарты сағаттан астам күлдім, ішегім жарылып кете жаздады, көңіл-күйім болмаса сіздің парақшаңызға бір шолу жасап шығамыз деген фанаттары да табылды.