Жас әншімен көл жағасында құшақтасқан Ақбота Сейітмағамбет қызу талқыға қалды
Дәурен Айдарқұловпен ажырасып кеткен соң, Ақбота Сейітмағамбеттің жеке өмірі көпшіліктің жіті назарында. Актрисаның қарым-қатынасы жайлы білгісі келген жұртшылық оны түрлі жұлдыздарға да қосып жатты. Алайда, бұл жолы желідегілер өнер иесінің жас әншімен кездесіп жүргенін болжады. Оған екеуінің жариялаған видеосы себеп болған.
Ақбота Сейітмағамбет Instagram желісінде жас әнші Азиз Балтабекұлымен бірге түскен видеосымен бөлісіп, елдің қызу талқысына қалды. Бейнежазбада қос жұлдыздың ғашықтар секілді қол ұстасып, көл жағасында құшақтасып тұрғанын көруге болады.
Желі қолданушылары бірден өнер иелерінің арасында махаббат сезімі бар екенін болжап, Ақботаны сұрақтың астына алды.
Кейбір оқырмандар бұл видеоның Дәурен Айдарқұловқа ұнамай қалғанын да жазып үлгерді.
"Күйеуге шығуға босқа асыққансың. Осындай әдемі жігіттер тұрғанда", "Осындай жігітке лайықсың", "Күшті жарасып тұрсыңдар", "Сондай әдемі жұпсыңдар", "Кездесіп жүрсіңдер ме? Әдемі жігіт екен", "Жігітіңіз бе? Сізге ғашық көздерімен қарап отыр", "Бұрынғы күйеуіңіз мына видеоны көріп, іші күйіп жатқан болар", - деп жазуда көпшілік.
Алайда, Ақбота Сейітмағамбет те, Азиз Балтабекұлы да қарым-қатынастарын растаған жоқ. Ал қос әнші түскен видео бейнебаяннан үзінді болып шықты.