Айгүл Иманбаева алғаш рет енесін көрсетті

2 662

Фото: Видеодан скриншотТанымал әнші Айгүл Иманбаева алғаш рет енесін көпшілікке көрсетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Өнер иесінің енесі "Айгүл" вокалды-аспапты ансамблінің құрамындағы әнші Ақжан Жайсанбаева болып шықты.



"Екі күн болды Алматыдан енем келіп, өзімнің келіндік міндетімді атқарып жатырмын. Құдайдың құдіретіне шек жоқ қой. Мамам 1968 жылы Қыздар мемлекеттік педагогикалық институтының жанынан ашылған "Айгүл" вокалды-аспапты ансамблінің құрамында әнші болған Ақжан Жайсанбаева. Қазір жасы 76 да. Мен өмірге келген жылдары ансамбльдің дүркіреп жатқан кезі екен. Содан менің мамамның құрбысы менің атымды сол ансамбльдің құрметіне Айгүл деп қойған екен”, – деп жазды әнші. 

Сондай-ақ өнер иесі өмірлік жар таңдауға қатысты кеңесін де бөлісті. 

“Тағдыр жолымда араға қаншама жыл салып, өмірлік жартымның анасы "Айгүл" ансамблінде әнші болғандығы кезедейсоқтық еместігі анық. Қадірлеймін. Ал бүгін менде "Хабар" арнасында таңғы эфир болды. Ал мамамды "Абай" арнасы "Айгүл" ансамблінің құрамымен түсірілімге Алматыдан алдырады.Таңертен екеуімізде әртіс болып айнаның алдында жиналғанымыз тіпті қызық болды. Шын сұрасаң жаратқан өз адамыңды кездестіреді. Басқа адамға шын жүрегіңмен тілекші болсаң,ол өзіңе мың есе жақсы нәрсе болып қайтады", – деп жазды Иманбаева.