Жұлдыз Әбдукәрімова гендер пати жасады

2 393

Коллаж: sn.kzАктриса, блогер Жұлдыз Әбдукәрімова бесінші баласының жынысын білу үшін гендер-пати жасады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл қуанышты күнді Жұлдыз Әбдукәрімова 4 баласымен ғана шағын құрамда Астанадағы мейрамханалардың бірінде атап өтті.

Актрисаның айтуынша, гендер-патиді балаларының көңілін қимағандықтан ғана өткізген.

"Аса қатты гендер патиді жасағым келмеді. Бірақ, төрт құбыламның көңілін қимағандықтан у-шусыз өткізейік деп ортақ шешімге келдік. Сонымен, баланың жынысы мен Эмоцияға толы кешіміздің толық нұсқасын менің YouTube арнамнан көре аласыз", - деп жазды Жұлдыз Әбдукәрімова. 

Бесінші баласының жынысын нақты көрсетпесе де, көпшілік өз болжамдарын жазып пікір қалдырған. 

Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан "қыз" деп қана қысқаша пікір жазды.

"Қыздар қуанғанына қарағанда қыз", "Қайрат қайда, мамасымен бе?","Қайрат көрінбейді", "Қыз сияқты" деп жазды оқырмандар.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.