«Мен бәрін көріп отырмын!»: Құрылтайға өтпей қалған Аша Матай мәлімдеме жасады

2 500

Фото: Instagram/asha_mataiТанымал тележүргізуші әрі әнші сайлаудағы жеңілістен кейін алғаш рет ел алдына шықты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Ол Құрылтай депутаттарының сайлаудан кейін ант қабылдауына байланысты жаңадан сайланған халық қалаулыларына ақ тілегін білдірді.

Тележүргізуші барлық жаңадан сайланған депутаттарды құттықтап, олардың ел игілігі үшін қызмет ететініне сенім білдірді.

«Құрметті халайық, сайлау науқаны өтті. Халық сайлаған Құрылтай депутаттары анықталып, ант қабылдады. Мен бәрін көріп отырмын. Жаңадан сайланған депутаттарды құттықтаймын, жұмыстарына сәттілік тілеймін. Ел игілігіне қызмет етеді деп сенім білдіріп, үміт артамын. Берген анттарыңызға берік болыңыздар! Ақ жол сіздерге!» – деді ол.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.