Әртістер 6,3 млн теңге айыппұл төлеуі мүмкін

221

Сахна әдебін бұзған әртістер 6,3 млн теңге айыппұл төлеуі мүмкін, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Қазақстан әртістерінің көрермен алдында өзін ұстауына қатысты талаптар қатаңдай түседі. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Күміс Сейітова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты.

2020 жылы еліміздің мәдениет саласы туралы заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Оған сәйкес әртістердің концерт және басқа да мәдени іс-шара кезінде сахна әдебін сақтауы туралы норма қарастырылған, яғни көрермен алдында өзін дұрыс ұстай білуі. Одан бөлек, фонограммаға қатысты талап қойылды. Әнші фонограммамен айтқан жағдайда көрерменге ол туралы ескертуі тиіс. Бірақ, қолданыстағы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде жазаға тарту немесе айыппұл салу қарастырылмаған, - деді Күміс Сейітова.


Оның айтуынша, заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу ауқымды процесс.


Фонограммаға қатысты талап қойылды. Әнші фонограммамен айтқан жағдайда көрерменге ол туралы ескертуі тиіс. 

«Бүгінде біз әртістердің сахна әдебін сақтауы мәселесін пысықтап жатырмыз. Атап айтқанда, заңды және жеке тұлғалар үшін 150 АЕК-тен (477 000 теңге) бастап, 2 мың АЕК-ке (6 360 000 теңге) дейін айыппұл салуды қарастырып отырмыз. Бірақ, бұл шара қолданысқа енгізілген жоқ, аталған процедураны қарастырып жатырмыз. Сондай-ақ бұл мәселені әртістердің өзімен және концерттерді ұйымдастырушылармен бірге талқыладық. Олар қарсы емес, сондықтан аталған өзгерістер жақын арада енгізіледі деп үміттенеміз», - дейді ол.