Алмас Кішкенбаев жасөспірімге тиісті деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді

2 709

Әнші Алмас Кішкенбаев өзіне қатысты ақпаратты жоққа шығарып, телеарналарды кінәлады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, Алмас Кішкенбаев есімді 40 жастағы ер адам жасөспірім ұлға тиіскен. 

“Арызда келтірілген уәждерді тексеру аясында полиция қызметкерлері сыраға тапсырыс берген адамның пәтеріне барып, оны полиция бөлімшесіне жеткізген. Ер адамның есімі Алмас Кішкенбаев”, – деп жазды журналист Telegram парақшасына. 

Полиция департаменті мұны жоққа шығармады. 

Алайда әнші бұған қатысы жоқ екенін айтты.

“Ашуланып отырмын. Ешкім қарамайтын сапасыз телеарналарына түрлісін шығарады. Оны халық көрмейді, олар инстаграмдағы анонсты көреді де, қорытынды шығарады. Мені кінәлап тастайды. Қайдағы біреу, “қайдағы біреу демей-ақ қояйын, ол да адам баласы”. Бірақ мен оны мүлдем танымаймын. Неге мен мүлдем танымайтын адаммен байланыстырады?”, – деп ашуланды әнші.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.