"Күйеуің жайлы емес, ауызың жайлы болса толасың" Жазира Байырбекова салмақ қосқанын жасырмады

529
Өнер иесі әлеуметтік желіде жариялаған суретіне қарап, артық салмақтан арылудың жолын қарастыра бастады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Әнші Жазира Байырбекова бұған дейін салмағының тұрақты болғанын, 46-52 келіден аспайтынын айтқан.

“Жәкеңнің жайлы болып жүргені 56 келіге жеткенімнен байқалып тұр ма? Мына суретіме қарап нан мен майды азайтайын деп отырмын”, – деп жазды Жазира.

Әншінің бойындағы бұл өзгерісті оқырмандары да байқаған. Кейбірі бұл өзгерісті жақсылыққа балап, жүктілік деп болжаса, енді бірі әншіні сахнадағы әріптестеріне ұқсатты.

“Қайғысыз адам қара суға да семіреді”, “Жаның тыныш болса семіре бересің”, “Бойың кішкентай, семірген жараспайды”, “Аяғыңыз ауыр емес пе?”, “Иә, семіріп кетіпсіз”, “Жорабаеваға ұқсап қалыпсыз”, “Жасыңыз келгендіктен семіргенсіз ғой”, – деп жазды желі қолданушылары.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.