Қоянбаевтың киносындағы Еркош: "400-ге жуық ән жаздым. Бағасы - 100 мың теңге"

523
Қоянбаевтың "Бизнес по-казахски" фильмінен соң, көпшілікке "Еркош" лақап атымен танымал болған Рамазан Амантай ақындығымен де көзге түсіп жүр. Ол осы күнге дейін 400-ге жуық әнге сөз жазыпты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Жас актер "40 сұрақ" бағдарламасында жылына 2-3 киноға түсетінінін, қалған уақытта бос екенін айтты. Сондықтан негізгі табыс көзі — ән жазу деп отыр.

Бос уақытымда ақындығымды шыңдаймын. 400-ге жуық әнге сөз жаздым. Халық актер ретінде таниды. Бірақ өзіме ақындық жақын. Бір әннің мәтіні үшін 100 мың теңге аламын,— дейді Рамазан Амантай.

Оның көптеген әндері ел арасында хитке айналып үлгерген. Тойларда айтылып жүрген "Аягөз, қайда барасың?", "Проблема жоқ", "Тәтті махаббатым" деген әндердің мәтінін, тіпті кейбірінің әуенін де өзі жазған. Төреғали Төреәлі, Қуандық Рахым, Әділет Жауғашар секілді эстрада әншілері Рамазанға жиі қолқа салады екен.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.