Бұйырса немереммен бірге қысқа белдемше киіп қыдырамын- Баян Алагөзова
554
47 жастағы Баян Алагөзоваға халық "қысқа кидің" деп жиі балағаттайтын көрінеді. Алайда продюсер елдің сөзіне мән бермейді, өзіме ұнайды дейді- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Баян Мақсатқызы Instagram-дағы парақшасында жазба қалдырды."Неліктен әлі күнге дейін биологиялық жасымды қабылдай алмаймын? Менде қандай да бір проблема бар ма? - деп психологтан сұрадым. Өзімді апа сезіне алмаймын, сезінгім де келмейді, біреуге ақыл айтып, үлгі болған, жалған кейіп жасаған ұнамайды.
Психологтың жауабы: "Баян, шын мәнінде көптеген әйелдер жастарша өмір сүргісі келеді, бірақ оны қалай жасарын білмейді, сізге бұл табиғаттан берілген".
Қысқасы, табиғаттан берілсе, оған қарсыласып қайтемін? Қысқа белдемше мен шорты кигенде өзімді ыңғайлы сезінемін. Сіздердің "неге?" деген сұрақтарыңыздың мен үшін негізі жоқ.
Мен солай қалаймын, маған солай ұнайды. Мүмкін 60 жасқа келгенде басыламын, ал мүмкін бұдан да асқынып кетер? Бұйырса немереммен бірге қысқа белдемше киіп қыдырамын", - деп жазба қалдырды ол.