АZ алғаш рет Ерке Есмаханмен түскен суретімен бөлісті

400

Фото: видеодан скриншот"Ninety One" тобының бұрынғы мүшесі Азамат Зенкаев пен эстрада жұлдызы Ерке Есмахан енді қарым-қатынастарын көпшіліктен жасыруды қойғанға ұқсайды. "AZ" лақап атты әнші алғаш рет желіде сүйіктісімен түскен суретін жариялап, елді қатты таңғалдырды.
Әлеуметтік желілерде аса белсенділік танытпайтын Азамат Зенкаев Instagram парақшасында ел күтпеген жазба жариялады. Өнер иесі ғашығы Ерке Есмаханмен түскен фотосымен бөлісіп, оны "бәйбіше" деп атады.


 "Ninety One" тобының бұрынғы мүшесі бұл жазбасымен қалың көпшілікті қатты таңғалдырып, елдің қызу талқысын тудырды. Желі қолданушылары әншілердің некелерін қиып алғанын болжап, оларды сұрақтың астына алған.


"Бұл күнге де жеттік-ау", "Екеуін бірге елестете алмай жүр едім", "Қызық, екеуі жүріп кетеді деп кім ойлаған", "Мына фото желіні жарды", "Жасыруды қойған ғой. Бақытты болыңдар", " Тоқал керек емес пе", "Күшті жарасады", "Осы екеуі үйленіп алған деседі. Сол рас па?", "Бәйбіше деп айтқанына қарағанда екеуі некелерін қидырып алғанға ұқсайды ғой", "Екеуіңіз ерлі-зайыптысыздар ма", "Бәйбішеңмен бақытты бол арыстан", - деп жазуда көпшілік.