"Бізге беріңіз": Сәдуақасова інісінің баласын асырап алғысы келетінін айтты
402
Отандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова тағы да сәбилі болуға ниетті екенін көптен бері айтып келе жатыр. Өнер иесі жалғыз ұлына бауыр тауып беру үшін бала асырап алуға да қарсы емес болып шықты , - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
Мадина Сәдуақасова інісінің баласын асырап алғысы келетінін Instagram парақшасында айтты. Алайда, әншінің бауыры мұндай ұсыныстан бірден бас тартқан.
Мадина Сәдуақасова інісінің баласын асырап алғысы келетінін Instagram парақшасында айтты. Алайда, әншінің бауыры мұндай ұсыныстан бірден бас тартқан.
"Бізге беріңіз, күштілеп бағып береміз, жақсының бәрі болады балада" деп мен бастадым, Олжас та "жер үйден гөрі пәтер жақсы, жылы, шомылдыратын судың өзі минералды, бізде жақсы болады бөпеде" деді. Әнуар да "үйдегі үшеу сияқты мен шұқымаймын баланы, түртпеймін, ауладағы площадкаға өзім қыдыртамын" деп жалынды. Қысқасы, бермеді бізге баланы. Не дейміз, жарайды. Бауы берік болсын! Кіші інім үшінші рет әке атанды, Садуақасов Тимур деген батыр дүниеге келді! Құтты болсын, жұғысты болсын", - деп сүйінші сұрады ол көпшіліктен.