Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова ұзақ уақыттан кейін бірге көзге түсті

2 759

Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficialТанымал өнерлі жұп Қайрат пен Жұлдыз ел алдына бірге шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Олар Instagram парақшаларында трендке айналған видеоны қайталап, бірге жазба жүктеді.

"Мен Қайрекең туралы түрлі әңгімелер естимін. Десе де, мен оны сөкпеймін. Қайрекең туралы ғана емес, жалпы біз жайлы халық арасында алыпқашпа әңгіме өте көп. Бірақ біз оларды сөкпейміз", – деді Жұлдыз Әбдікәрімова. 

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, жұлдызды жұпқа бақыт тілеп жатыр. 

“Махаббаттарың баянды да, тәтті болсын! Өмірлері күндей, көңілдерің гүлдей, армандарың асқар таудай болсын! Тату да тәтті өмір сүріңдер!”, “Енесі де Жұлдыздың құрбылары да “ажырасты” деп еді, қайта қосылғаны құтты болсын!”, “Екеуін көріп мен ғана қуанған жоқпын”, “Ажырасып кетсе де, балалары үшін әке-шеше болып қалады”, – деп жазды көпшілік. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.