Меруерт Түсіпбаева Баян Алагөзованы орнына қойды

2 348

Коллаж: sn.kzАктриса Қозы Көрпеш – Баян сұлу сериалына кеткен қаржыны мемлекетке қайтаруды талап етіп отыр. Оның айтуынша, бұл жоба бюджеттік қаражат есебінен түсірілген, бірақ сериал қоғамның, әсіресе зиялы қауымның сынына ұшыраған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

– Бұл сериал ұлттық арнада көрсетілді. Демек, халықтың салығынан жиналған ақшаға түсірілген. Ал негізгі рөлді сол кездегі әкімнің қызы ойнады. Мұндай «түсініксіз кастинг» қалай өтті? – деп ашынды актриса.

Ол режиссер әрі продюсер Баян Алагөзова бастаған топ өзіне шабуыл жасағанын да мәлімдеді.

– Мен тек пікірімді айттым. Содан кейін Баян, Бағым, бәрі жабылып, боқтады. «Сен ешкім емессің», «нөлсің», «бездарная» деп айтты. Баянмен бірге оқыдым. Ол кезде мен музыка-драма бөлімінде оқып жаттым, ол енді ғана түскен. Мен көшеден келген адам емеспін, білімдімін. Қолымдағы құжаттармен любой адамды құлата аламын, – дейді ол.

Актриса бұл жағдайдан кейін өзін қаралау науқаны басталғанын айтып отыр. Айтуынша, сыни пікір білдіргені үшін жеке басына тиісу жиілеп кеткен.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.