Жазир Байырбекованың туған күн тойламауының себебі неде?

510
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Жазира Байырбекова келін болып түскелі туған күнін тойламағанын айтты. Өнер иесі әлеуметтік желіде оның себебін түсіндірді, деп Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Жазира Байырбекова енесінің сөзінен кейін туған күнін тойламай кеткен. Айтуынша, ол кезде ауылда келіндер туған күнін атап өтпеген. Алайда өнер иесі болашақта өзі келінді болғанда бұл жайтты өзгертуге ниетті. Ол өз құда-құдағиымен туған күнін тойлауға тырысатынын жеткізді.

"Жақындап қалған туған күнімді биыл да тойламаймын. Тұрмысқа шыққанда апам (енем) "біздің ауылда келіндер туған күн тойламайды" деп айтқаннан бері тойламай келемін. Ауылда қазір бәрі өзгерді. Менің санама қатты сіңіп қалды ма, өзгере алмай жүрмін. Алдын ала айтып қояйын мен туған күнімде де жұмыста боламын. Алла қаласа ұлым үйленіп, келінді болып, бір саты өскеннен бастап құда-құдағиыммен бас қосып тұру үшін тойлаймын деп ойлаймын", - деп жазды ол Instagram парақшасында.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.