Екінші ұлын босанған Айжан Байзақова перзентханадан шықты
28 қарашада екінші ұлын дүние әкелген Айжан Байзақова перзентханадан шығып, үйіне оралды, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Атышулы блогердің перзентханадан шыққаны жайлы Instagram желісінен белгілі болды. Байзақованың өзі Stories-те ұлымен фото жариялап, үйіне бара жатқанын хабарлады.
Сондай-ақ актрисаның інісі Әлихан Байзақов жұлдызды әпкесін перзентханадан қалай күтіп алғанын көрсетті. Ол қуанышты сәттен фото жариялап, өзіне жиен сыйлаған әпкесі мен жездесіне алғысын айтты.
Қаз
Рус






