Әбдікәрімова: Өзім туралы түрлі өсек естіп, соңында өзім сеніп қала жаздадым

380
Отандық танымал актриса әрі тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова өзі туралы түрлі қауесеттер таратып жүргендерге жазба арнады. Қайрат Нұртастың жары ел арасында есіп жүрген өсектерге өзі де сеніп қала жаздағанын айтты. 

Жұлдыз Әбдікәрімова өзіне қатысты айтылып жатқан қауесеттерден мезі болған көрінеді. Өнер иесі желіде азулы жазба жариялап, тарап жатқан әңгімелерге қатысты ойын айтты.

"Сөзі бардың аузында сөз қалады, ісі бардың қолында нәтиже болады. Өзім туралы түрлі өсек естіп соңында өзім сеніп қала жаздадым. Жұмысқа кірісейін", - деп жазды тележүргізуші. Сонымен қатар, Қайрат Нұртастың келіншегі Instagram парақшасында жаңа видеосын да жүктеп үлгерген. Бейнежазбада ол қалың көпшілікке аса әдемі образын паш еткен.

Желі қолданушылары Әбдікәрімоваға бірден қолдау білдіріп, сөз тасып жүрген адамдарға мән бермеуін сұрады. Оған қоса, оқырмандар актрисаның ерекше образына да мән берген. Олар Жұлдызға тәнті болып, жылы лебіздерін білдірген.