Мейрамбек Бесбаев алғашқы махаббатымен кездесті
«МузАРТ» тобының әншісі Мейрамбек Бесбаев мектепте бірге оқыған алғашқы махаббатын көргенде шыдай алмай, құшақтап алды, - деп хабарлайды хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Мейрамбек Бесбаев «Хабар» агенттігінің «Алғашқы» бағдарламасына берген сұхбатында алғашқы махаббаты жайлы ой қозғады.
Осыдан кейін бағдарлама жүргізушісі студияға Айгүл Шакированы шақырады. Дәл осы тұста әнші өз көзіне өзі сенбей, «алғашқы махаббатын» құшақтап алады. Сол сияқты жақсы оқитын қыздарға ғашық болып қалатынын кезекті рет жасырмай айтты.







