Джеки Чан шұғыл ауруханаға жатқызылды

2 546

Фото: letsgophotos.ruҚытайдың аты аңызға айналған актері және жекпе-жек өнерінің шебері Джеки Чан 25 желтоқсанда Шанхайдағы Линь Шань ауруханасына түсіп қалғаны белгілі болды. Кейбір мәліметтер бойынша, дәрігерлер актердің жағдайын ауыр деп бағалап отыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұқаралық ақпарат құралдарында атап өтілгендей, Джеки Чанның ауруханаға жатқызылуы туралы барлық жаңалықтар қытайлық әлеуметтік желілерден белсенді түрде жойылып, бұл туралы хабарлаған аккаунттар бұғатталған.

Қазіргі уақытта жекпе-жек шеберінің жағдайы туралы ресми ақпарат жоқ, Джеки Чанның отбасы мен достары оның денсаулығына қатысты пікір білдірмеген.


"Қазақ қытай бір туған": Джеки Чан домбыраның сүйемелдеуімен ән шырқады

Сондай-ақ Балқанда түсірілім кезінде актердің басынан ауыр жарақат алып, күрделі ота жасалғаны туралы ақпарат бар. Миының орнынан қозғалып кету қаупі туралы да айтылған.

Ол фильмдердегі трюктердің көпшілігін дублердің көмегінсіз – өзі орындайды. Өмірінде ол түрлі жарақаттар да алған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.