Дариға Бадықова Олжас Абаймен арақатынасы туралы айтты

2 617

mychords.netҚазақстандық танымал актриса әрі кинопродюсер Дариға Бадықова желіде оқырмандарымен тілдесіп, ел көкейінде жүрген бірқатар сұраққа жауап берді. Кино жұлдызы өнердегі әріптесі Олжас Абаймен арақатынасы қандай екенін ашып айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Дариға Бадықова Instagram-дағы парақшасында сұрақ-жауап ашып, оқырмандарымен сыр шертісті. 

Өнер иесі белгілі актер Олжас Абай туралы келіп түскен сауалға да жауап берді. 

"Олжас Абай сыйлық сыйлап тұрады ма?", - деген сұрақ қойды оқырмандарындың бірі. Бадықова өнердегі әріптесі сыйлаған заттарды көпшілікке көрсетті. 

"Сараңдығы жоқ достың. Сыйлық жасап тұрады. Гүл көп сыйлап қояды. Қолымдағы гүл және мойнымдағы әшекей сол кісінің сыйлығы", - деп жазды актриса. 

Сонымен қатар Бадықова Олжас Абаймен жақсы дос екенін айтып, онымен қартайғанша араласуға ниетті екенін жеткізді. 

"Араласып жүрміз. 80 жасқа келгенше араласайық дегенбіз", - деді өнер иесі.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.