Индира Расылхан ел күтпеген мәлімдеме жасады

584

Фото: видеодан кадрОтандық танымал әнші Индира Расылхан әншілікті тастап, өнерден кетуді жоспарлап отырғанын сөзге тиек етті. Шоу-бизнес өкілі өзінің өмірлік және еңбек бағытын түбегейлі өзгертпек ойында екен. Ол өзін бұрын көрсмеген басқа қырынан танытпақ .
Әнші Индира Расылхан ел күтпеген мәлімдеме жасап, барша жанкүйерлерін таңғалдыру үстінде. Өнер иесі бұдан былай әншілікпен емес, мүлдем басқа іспен айналыспақ екенін хабарлады. Бұл туралы ол өзінің Instagram әлеуметтік парақшасында айтқан. 
"Өте маңызды, соңына дейін оқыңыздар. Осы күнге дейін менің әншілігімді, өнерімді бағалап келген әрбір жанға алғысым білдіремін. 23 жыл бойы сіздердің назарларыңызға біршама әндерді ұсындым және сіздер сүйіп тыңдадыңыздар деген ойдамын. Аллаға шүкір жақсы қабылдадыңыздар. Ендігі кезде менің өмірім мен еңбек бағытым түгелімен өзгеріп жатқанын сіздерге жеткізгім келеді. Біреуіңіз қимассыздар, біреуіңіз даттарсыздар, ал біреуіңіз менің жаңа бағытымды қабыл алып, мені қолдарсыздар деген сенімдемін. Ендігі уақытта халал тойлар мен адал жиындарға ғана баратын шығармын, әлі ойланудамын. Ал дайын болыңыздар! 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.