Айқын екі әйелін бірге киноға түсірмек болған
724
Айқынның ата-анасы жаңа келінді бірден қабылдамапты. Бұл туралы Жұлдыз Өмірғали "Жұлдыздың жары" бағдарламасында айтты.
Жұлдыздың айтуынша өзін тәрбиелеп өсірген атасы қатты ренжіп, жылаған.Үйінде құдалық жасалып, барлығы екі күннің ішінде біткен. Айқынның сұрауымен, кішігірім ғана болып өтті. "Көпшілік білмей-ақ қойса екен, кейін дүркіретіп той өткізіп беремін" деп уәде берген болатын", – дейді Жұлдыз.Айқынның ата-анасы жаңа келінді бірден қабылдамаған. Тіпті "Әселден басқасы керек емес" деп кесіп айтыпты.
"Бізде бір-ақ келін бар, ол – Әсел", – деді.
Бірақ Айқын сол кезде: "Сен үшін бүкіл әлемге, ата-анама да қарсы тұрдым. Менің таңдауым – сен", – деді. Қазіргі таңда сый-құрметімді аямаймын. Ол кісілер де түсінді. Тіпті маған бірдеңе болып қалса, Айқынға ұрсады. Қазір бәрі жақсы", – дейді Жұлдыз.
Жеке өмірінен хайп жасап алған Айқын биыл жарыққа шыққан фильміне Әсел мен Жұлдызды бірге түсірмек болыпты. Алайда алғашқы әйелі оған қарсы болған көрінеді.
"Өздерінің арасында ұрыс-керіс болды. Әсел маған хабарласып: "Мен түспеймін деп айт", – деді. Біраз уақыт күресті. Қазіргі таңда балалары үшін араласып тұрады. Екі жақтан да тынышталдық.
Жұлдыз болашақта өзі Әселдің орнына түсіп қалса, жарымды еш кедергісіз жіберемін деп отыр.
"Мені сүймей тұрса, "қал" деп аяғына жығыла алмаймын", – дейді ол.