"Балаларымның әкесі де, шешесі де мен" - Балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған Әуелбековаға жұрт қолдау көрсетті

443

"Ана да өзім, әке де өзім". Екі перзентін жалғыз тәрбиелеп отырған Мөлдір Әуелбекова балаларына әке орнын жоқтатпауға тырысып жүр. Ол тұңғыш ұлымен қалай уақыт өткізетінін көрсетті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 
Әуелбекованың екі некесі де ұзаққа созылмады.



Тұңғышы 5 айға толғанда экс-жолдасы Арыстан отбасын тастап кеткен. Содан бері кішкентай Салтайдың анасы да, әкесі де - Мөлдірдің өзі. Бүгінде қолы қалт етсе, бар уақыты мен көңілін балаларына арнауға тырысады. Мәселен, өткен демалыста әнші ұлын алып, балық аулауға шыққанын айтады. Уақытын сапалы өткізу үшін Мөлдір тіпті, бірнеше күнге гаджеттерден бас тартқан.


"Ұлыма әке болған түрім ғой. Балыққа барып, қармақ ұстауды үйреніп, тез икемденіп кетті. Салтай құлыныма қатты ұнағандықтан, жылына екі рет балыққа барамыз деп келістік. Салтайға ұнағанның бәрін қолымнан келгенше жасаймын деп уәде еттім!" - деп жазды әнші желідегі парақшасында.



Желі оқырмандары балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған Әуелбековаға қолдау көрсетті.

"Қазіргі заманда еркектер қатын болып, әйелдер ер болды ғой", "Сіз сияқты өз баласына әке боп жүрген мықты аналар Қазақстанда көп, 50% айтуға болады, алимент төлемейтін "Әке"-лерді тіпті сот қорғайды, ауыр қылмыс деп "бостандықтан айыру" емес, "бостандықты шектеу" жазасын береді де құтылады. Бірақ осындай санасыз, жүрегі жоқ алиментщиктердің өмір сүру дағдысы онсыз да "бостандықты шектеуге" ұқсайды, ешнәрсе өзгермеді. Шетелге онсыз да шықпайды, ресми жалақысыз жүре береді олар, араққа ақша табылса болды", "Сенің қолыңнан келеді", "Жарайсың, ана деген сол, бауыр еті баласы үшін бәріне барады. Осы видеоны көріп, міндеттерін орындамаған әкесі намыстана ма екен?" - деп жазды желі қолданушылары.