Өзге елге көмек көрсетеміз, ал өзімізге тыныс алу аппараттарын таппаймыз

562

Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/Отандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде азулы жазба жариялап, елде болып жатқан қандай жағдайлар өзін күйіндіретінін айтып өтті.

Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің көңілі толмайтын жайттарды Instagram парақшасында тізіп шықты. 

Ол  "Мен елімді жақсы көремін. Бірақ жақсы көру деген - мақтай беру емес. Олқылыққа көз жұмбай, ашығын айту. Ауруын жасырған өледі деген. Сондықтан ащы да болса, еліміздегі кейбір парадокстарды айтайық. 

Дәрігер қателігінен адам көз жұмса - 2 миллион 917 мың теңге, ал қызғалдақ жұлса - 9 млн теңге. 

Вирустан қорғану үшін маска - ақылы, вакцина - тегін.

Судья пара алғандарға үкім шығарады, ал антикор судьядан пара табады.

Өзге елдерге гумманитарлық көмек көрсетіледі, ал өзімізге тыныс алу аппараттарын таппаймыз" , - деп жазды тележүргізуші. 

Жұлдыздың бұл жазбасы желі қолданушылары арасында бірден қызу талқыға қалды. Кейбірі өнер иесінің айтқанына толығымен қосылып жатса, енді бірі басқа ойын білдірген. 

"Келісемін. Түсініксіз жайттар айта берсең көп", "Жалақы өспейді, алайда азық-түлік бағасы өсе береді", "Маска кисе вирустан емес, айыппұлдан қорғайтынына қынжыламын", "Бұл жағдайлардың түп-мәнісін дұрыс білген абзал. Үкімет ақымақ емес қой", "Керемет айтқансың", "Саған ренішім жоқ. Бірақ, саясатқа араласпай, ана болып жүре берсеңші", - деп жазуда көпшілік. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.